КТ мен МРТ медициналық қызметтерінің бағасы өседі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде бірқатар медициналық қызметтердің тарифтері өзгертіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, келесі жылы халық жиі қолданатын шамамен 200 медициналық қызметке тариф қайта есептеледі. Жаңа өзгерістерді енгізу үшін жалпы 103 миллиард теңге бөлінбек. Оның 34 миллиарды – кепілдендірілген медициналық көмек көлемі (ГОБМП) аясында, қалғаны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ОСМС) есебінен қаржыландырылады.
Тарифтердің өсу бағыттары:
Инфекциялық қызметтер – 2 есе өседі;
Абдоминалды хирургия – 40%-ға қымбаттайды;
Басқа терапиялық бағыттарда өсім 40–85% аралығында болады.
«2025 жылға жаңа тарифтер бекітілді. Олардың ішінде протондық терапия, адаптивті сәулелік терапия, КТ және МРТ қызметтерінің тарифтері бар. Бұл халыққа, әсіресе өңірлердегі тұрғындарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұрын жабылған 2 700-ден астам тапшылығы бар төсек-орын қалпына келтіріледі», – деді министр.
Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін 2026 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру жоспарланып отырғаны хабарланған еді. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, 2020–2023 жылдары дәрігерлердің айлығы 30%-ға, орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға, ал медициналық емес персоналдың табысы 18%-ға өскен.







