Тексеруден кейін 250-ге жуық емдеу кабинеті жабылды

2 521

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіДенсаулық сақтау министрлігінің республика бойынша жүргізген тексерістері барысында 406 емшара кабинетінде заңсыз қызмет, санитариялық талаптардың бұзылуы және дәрілерді дұрыс сақтамау фактілері анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Түсіндіру жұмыстарынан кейін 247 кабинет өз еркімен қызметін тоқтатты. 84 нысанға жасалған жоспардан тыс тексерістер кезінде лицензиясыз жұмыс істеу, білікті мамандардың болмауы және шұғыл көмекке қажетті құрал-жабдықтың толық жинақталмауы секілді бұзушылықтар тіркелді. Нәтижесінде 15 млн теңгеден астам айыппұл салынған 122 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Министрлік тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылауды жалғастыратынын хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.