Шетелде Қазақстанның жасанды ұрықтандыру және тіс емдеу қызметтері танымал
439
Қазақстан жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін шетелдіктерді елге шақыруға мүмкіндігі бар, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Спикердің айтуынша, Қазақстанда шетелдік азаматтарды жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін шақыруға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.
Қазіргі уақытта осындай қызметтің 80 түрі бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілген. Елімізде ядролық медицина, қатерлі ісіктерді емдеуге арналған 2 томотерапия орталығы және «Гамма-пышақ» кешені жұмыс істейді.
«Медицинаның бірқатар бағыттары халықаралық деңгейде табысты бәсекелесе бастады. Біздің орталықтар Орталық Азия өңірінде жетекші орталықтарға айналды, олар медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің әлемдік стандарттарына сәйкес келеді», - деп атап өтті Марат Шоранов.
Спикердің айтуынша, Қазақстанда шетелдік азаматтарды жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін шақыруға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.
Қазіргі уақытта осындай қызметтің 80 түрі бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілген. Елімізде ядролық медицина, қатерлі ісіктерді емдеуге арналған 2 томотерапия орталығы және «Гамма-пышақ» кешені жұмыс істейді.
«Шетелдік пациенттер арасында ең танымал қызметтер тізімінде экстракорпоралдық ұрықтандыру және стоматологиялық қызметтер бар», - деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.