Дәрігерлердің жалақысы жарты миллион теңгеге дейін көтеріледі – Ералы Тоғжанов
419
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 2025 жылға дейін қаазақстандықтардың жалақысы қалай өсетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарлама 2025 жылға дейін еңбекақыны көтеруге есептелген. Алайда вице-премьер дәрігерлердің қай уақыттан бастап осындай жалақы алатынын нақтылаған жоқ.
Ералы Тоғжановтың сөзінше, бағдарламаның маңызды бөлігі жаңа экономикалық өсімге арналған. Сонымен қатар ол 2022 жылдың сәуірінен бастап "Самұрық-Қазына" компаниялар тобында жұмыс істейтін 258 мың адамның жалақысы 5%-дан 48%-ға дейін өскен. Мұнда негізгі басымдық жалақысы төмен сала қызметкерлеріне берілген.
"1,1 миллионнан астам жұмысшы, соның ішінде 850 мыңнан аса бюджет қызметкерлерінің жалақысы өседі. Дәрігерлердің еңбекақысы 320 мыңнан 531 мыңға дейін көтеріледі. Орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 173 мыңнан 250 мыңға дейін көтеріледі", – деді Ералы Тоғжанов сенаттың пленарлық отырысында.
Бағдарлама 2025 жылға дейін еңбекақыны көтеруге есептелген. Алайда вице-премьер дәрігерлердің қай уақыттан бастап осындай жалақы алатынын нақтылаған жоқ.
Ералы Тоғжановтың сөзінше, бағдарламаның маңызды бөлігі жаңа экономикалық өсімге арналған. Сонымен қатар ол 2022 жылдың сәуірінен бастап "Самұрық-Қазына" компаниялар тобында жұмыс істейтін 258 мың адамның жалақысы 5%-дан 48%-ға дейін өскен. Мұнда негізгі басымдық жалақысы төмен сала қызметкерлеріне берілген.
"Ішкі резервтік қор негізінен жұмысшылардың табысын көтеру жұмысы жалғаса береді. Жыл соңына дейін тағы төрт компанияда жұмысшылар жалақысы 5%-дан 18%-ға дейін көтеріледі", – деді Ералы Тоғжанов.