Үш адам бруцеллез жұқтырды

2 608

Фото: saruv.orb.ruСарып немесе бруцеллез – адамдар мен жануарлардың жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратын зақымдайтын, ұзаққа созылатын жұқпалы ауру, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Cолтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр өңірде алғаш рет жедел бруцеллездің 3 жағдайы тіркелді, оның ішінде екі адам Шал ақын ауданында, біреуі Қызылжар ауданында жұқтырған.

Тіркелген 3 жағдайдың үшеуінде де инфекция көзі - ірі қара мал, 2 жағдайда науқастар ауырған малдың сүтін қайнатпай пайдаланған, енді бірінде ауру малды бағып, жеке қорғаныш құралдарын қолданбаған.

Мамандардың айтуынша, адам бруцеллезді ауру малды сою кезінде де жұқтырып алуы мүмкін. Уақытылы дәрігерге қаралып, емделмеген жағдайда ауру созылмалы түрге өтіп, мүгедектікке және бедеулікке әкеледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.