Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинацияға кірісу керектігін мәлімдеді

276
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинация науқанын бастау қажет екені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін, күн сайын 30-ға жуық өлім-жітім тіркелетінін айтты.

"Мұның бәрі екпе салу қарқынының төмендеуінен болып отыр. 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайызға жетті. Әлем елдері халықты қайта вакцинациялауға кірісті. Біз белсенді науқанды наурыз айында бастағанымызды, ревакцинация мерзімі жақындағанын ескеріп, үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі керек", - деді Президент моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.