Жедел жәрдемді 40 минут күткен тұрғын көз жұмды
2 513
Әлеуметтік желіде марқұмның жерде жатқаны түсірілген видео тарады. Видео авторының айтуынша, жедел жәрдем шақыртудан 40 минуттан соң келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Куәгерлер жедел жәрдемнің аталмыш мекенжайға бірнеше минутта жете алатынын айтты. Әзірге болған оқиға туралы басқа мәлімет жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл факті бойынша тексеру жүргізетінін атап өтті.
«Бұл іс бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Тергеу нәтижесі бойынша ресми жауап беріледі», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.