БАЛАЛАР САУЛЫҒЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

117
«17 қараша - Дүниежүзілік шала туылған нәрестелер күніне» орай, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы облыстық перинаталдық орталығындағы нәрестелер жансақтау және интенсивті терапия бөлімін аралап, шала туылған нәрестелердің хал-жағдайымен танысты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

     Сонымен қатар орталықта ұйымдастырылған «Ашық есік күніне»  келген шала туылған балалар мен аналарына арнайы лебізін білдіріп, сәбилердің қамқорлығына медицина тарапынан көрсетілетін көмектің барлығы жасалатынын айта келе, дендеріне саулық тіледі. Өз кезегінде аналар аймақтың бас дәрігеріне денсаулық сақтау саласы тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлық пен көмек үшін алғыстарын білдірді. 

      Облысымызда 2022 жылы барлығы 17120 бала дүниеге келсе, оның 832-сі шала туылған. 2021 жылы  туылған 19642 баланың 898-і шала туылған. Бұл былтырғы жылға қарағанда аймақтағы шала туылған балалар санының төмендегендігін білдіреді. 

    Өңірімізде шала туған нәрестелердің өмір сүру сапасы жоғарылату үшін барлық шаралар жасалуда. 

    Қазіргі заман талабына сай облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мен мейірбикелері тәжірибе алмасу, кәсіби біліктілігін жоғарылату мақсатында алыс-жақын шет елдерде оқытылды.  


    Сонымен қатар дәрігер неонатологтар ішінен офтальмолог, невропатолог, кардиолог мамандары қайта даярланды.
    Өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында орталықта көптеген құрал-жабдықтар, атап айтсақ нәрестелерге емдік гипотермия жасауға арналған «TecoTherm Neo», көз көру қабілетін анықтайтын «Retcam Shuttel» аппаратары алынып, шала туылған нәрестелерді көктамыр ішілік тамақтандыруға арналған мөлшерлемелік аппарат – «компаундер» орнатылды. 

    Шала туылған нәрестелердің өкпесін жетілдіру мақсатында сурфактант-орынбасушылық ем және инвазивті емес өкпені жасанды желдендіру емі нәтижелі қолданылуда. 

    Сонымен бірге, жүрек және асқазан-ішек жолдарының туа біткен ақаулары бар нәрестелерді республикалық санавиация желісі арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы ғылыми-зерттеу орталықтарына аудару мәселесі жолға қойылған. 


      Айта кетейік, шала туылған нәрестенің дене салмағы экстремальды төмен болады, сол себепті алғашқы секундтан қамқорлық жасап, олардың дене жылуын сақтау маңызды.