КЕНЕДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

2 576

© pixabay.comКОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ-өте қауіпті вирусты ауру, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл ауру көбінесе көктемгі,жазғы маусымдарда жиі кездеседі. 

Ауруды тудырушы-кене.

Кене жануарлардың  терісіне еніп алып, қанын сору арқылы ауру таратады.

Кенені қолмен ұстауға ,оны езуге болмайды,әсіресе қой қырқымы кезінде сақ болған жөн.

Арнайы сақтық киімдерін киген дұрыс.

Конго-Қырым қанды қызбасының белгілері:

-дене қызуы 40° қа дейін көтеріледі;

-басы қатты ауырып,буындары сырқырайды;

-жүрек айну,құсу,асқа тәбетінің болмауы;

-аурудың 2-5 ші күндері науқыстың аузынан,мұрнынан,асқазанынан,ішегінен, әйелдерде жатырдан қан кетеді.

  Алдын алу шаралары:

- қой қырқымы кезінде арнайы киім,қолғап кию;

-қора тазалағанда,табиғатта демалғанда киімді шешіп мұқият тазалау керек;

- кене жабысқан жерден қысқыш арқылы алу керек;

- мал қораларды заласыздандыруып тұру керек;

-кене шаққан жағдайда тез арада дәрігерге көрініңіз.

Есінізде болсын!!!

Кенені еш уақытта қолмен езбеңіз.

Кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерге көрініңіз!!!


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.