Қызылордалықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 51,5 млрд теңге аударды

74

Қызылордалықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 51,5 млрд теңге аударды,-деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 


Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 1 мамырына дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 51,5 млрд. теңге аударды, оның 31,9 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 19,6 млрд. теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда. 

Мәртебенізді ресми қызметтер арқылы тексеріп отыруыңыз керек – ӘМСҚ-дың fms.kz сайтында, «Qoldau - 24/7» мобильді қосымшасында, Telegram-да SaqtandyryBot-та, «Электрондық үкімет» порталында - https://egov.kz/ / (мемлекеттік қызмет -«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру»).

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына қызылордалықтардан сұрақтар түсуде. Бірқатар өзекті мәселелерге ӘМСҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.

Үш ай бұрын жұмысқа орналастым. МӘМС-ке төлемдер тек осы кезеңде ғана бар. Стационарда жоспарлы ем алуым қажет. «Сақтандырылған» мәртебесін алу үшін қалай дұрыс төлеу керек?


«МӘМС туралы» Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін 12 ай бойы үздіксіз төлемдер қажет. Осы жағдайда қызметкерге өткен айлар үшін төлем жасағаны жөн. Сонымен, егер 2023 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айлары үшін төлемдер болса, онда 2022 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін дербес төлеуші ретінде төлеу қажет. Өткен жылы МӘМС-ке ай сайынғы жарна сомасы 3 мың теңгені құрады. Еске салайық, аударымдар мен жарналарды өңдеу, аудару үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы тексеруге болады.

Аяғы ауыр әйел жүктілігі бойынша есепке тұрған. Бірақ БЖТ төлегендіктен мәртебесі сақтандырылмаған. Сақтандырылу мәртебесіне қалай ие бола алады? 

Егер бұл әйел ресми түрде жұмыс істемесе және «жұмыс істемейтін жүкті әйел» жеңілдік санатына кіргісі келсе, ол үшін соңғы 2 айға зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түспеуі керек, яғни егер ол маусым және шілде айларында БЖТ төлемесе, онда тамыз айында оған жеңілдік мәртебесі беріледі.  
Пациентті тіркелген жері бойынша емес клиникаға жіберуге бола ма? 

Егер пациентке консультациялық-диагностикалық қызмет (КДҚ) қажет болған жағдайда, тіркелген жері бойынша жалпы практика дәрігері медициналық ақпараттық жүйесіне осы қызметке жолдама жазады (мысалы, ЛОР дәрігерінің кеңесі). КДҚ қызметі науқас тіркелген медициналық ұйымда да, басқа клиникада да, оның ішінде республикалық деңгейде де ұсынылуы мүмкін. Бірақ, клиника ӘМСҚ мәліметтер базасында болуы тиіс.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.


 Елімізде көптеген адамдар науқастығына байланысты тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады. Яғни мемлекет тарапынан белгіленген санат бойынша кейбір азаматтар тегін медициналық көмек алып, дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі. Шалдыққан дерті, нақты диагнозы бойынша дәрілерді тегін немесе жеңілдікпен алуына мүмкіндігі бар. Негізінен мемлекет тарапынан бөлінетін тегін дәрі-дәрмек диспансерлік есепте тұратын науқастарға берілуі тиіс.

Аудандық емханадан, амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 54 ауру қарастырылған. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 127 ауру түрі тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Түсінікті болуы үшін, тарқатып айтатын болсақ, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артимия, бронх демікпесі, Covid-19 короновирустық инфекциясы, созылмалы вирустық С, В гепатиті, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы, аутоиммунды аурулар және иммун тапшылығы жағдайлары байланысты қажетті дәрі-дәрмек тегін беріледі. Сонымен қатар жедел лимфобластикалық лейкимия, созылмалы миелоидты лейкемия, қант диабеті, муковисцидоз, ревматоидты ар¬трит, жүйелі қызыл жегі, жүйелі склероз, шашыранды скле¬роз, церебральды сал ауруы, эпилепсия, туберкулез, онкологиялық аурулар, туа біткен жалпыланған Берар-динелли-Сейптің липодистрофиясы, омыртқаның бұлшықет атрофиясы, нейробластома және т.б. шалдыққан науқастар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылуы тиіс.
Сонымен қатар ағзалар мен тіндерді ауыстыру операциясынан кейін несеп-жыныс жолдарында кездесетін аурулар алады. Қант диабетімен ауыратын науқастарға қосымша медициналық мақсаттағы бұйымдар: қалам-шприцке арналған инелер, нәжістегі кетондық денелерге арналған тест жолақшалар, инсулинге арналған таңбаланған бір реттік шприцтер, қандағы глюкоза мөлшерін анықтайтын тест жолақтары тегін беріледі.
Тегін дәріні алуы үшін науқас ең алдымен өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінуі қажет. Дәрігер науқасқа оның медициналық көрсеткіштері және қажеттілік болған жағдайда дәрі-дәрмекке рецепт жазып береді.
– Белгілі бір ауруға шалдығуына байланысты диспансерлік есепте тұратын азаматтар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Ең алдымен, науқас емханаға тіркелу керек. Содан соң зертханалық және тиісті тексерулерден өткеннен кейін, диагнозы расталған соң диспансерлік есепке алынады. Науқасты емдейтін аймақтық дәрігер науқасқа тағайындалған дәрілік затқа рецепт береді. Рецепт арқылы, науқас жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп, емханада тегін дәрілік заттар босататын дәріханадан алып, қамтамасыз етіледі. Айта кету керек, амбулаторлық деңгейде қамтамасыз етуге берілетін тегін дәрілер халықаралық патенттелмеген атаулармен сатып алынады. Мысалы, халықаралық патенттелмеген атауы – ацетилсалицил қышқылы болса, тауарлық атаулары – тромбопол немесе астромбин, – дейді Сырдария аудандық аурухана бас дәрігерінің бастапқы медициналық санитариялық көмек жөніндегі орынбасары Жанар Жұмабаева.
Аудандық аурухананың дәріхана меңгерушісі, провизор Бақыт Шакирова-ның айтуынша жыл сайын үшінші тоқсанда аудан науқастарын уақытылы дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттарға алдын ала өтінімдер жиналады. Жауапты дәрігерлермен науқастардың жекелеген аурулары және жай-күйлері бойынша бір жылға әзірленген науқастардың дәрілік заттарына қажеттілік көлемдері бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС-нің ЕФИС порталына салынады. Мәселен ауданға 2022 жылға 272 миллион 977 мың теңге көлемінде лимит берілген. Осы қаржы көлеміне сәйкес бірыңғай дистрибьютор «СК Фармация» ЖШС-на тапсырыс берілген. Қазір өте тиімді бірыңғай дистрибьютордың ЕФИС деп аталатын бағдарлама арқылы жұмыс жүргізіледі. Дәрілер ай сайын кестеге сәйкес жеткізіледі. Келген дәрілер уақытылы қабылданады, ол арнайы емхана жанындағы дәріханадан босатылады. Аудандық емхананың кіреберісінен бастап арнайы бағдарлы белгімен дәріханаға баратын жол көрсетілген. Сол арқылы науқас дәріхананы жылдам тауып бара алады. Емхана ғимаратының бірінші қабатында халыққа көрінетін жерде тегін босатылатын дәрілік заттардың тізімі ілінген. Қаңтар айынан бастап емхана дәріханасына нақты сатып алынған дәрілер жеткізіліп, науқастар дәрілерімен қамтамасыз етіле бастады.
«СК Фармацияның» бағдарламасына сәйкес жаңадан тіркелген науқастар-дың ауру түрлеріне байланысты науқастарға дәрілер қажет болған жағ-дайларда, науқастардың жаңадан тіркелгендігі туралы мәліметтер, дәрі-герлік тағайындаулары облыстық денсаулық сақтау басқармасы және мін-детті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жолданады. Қосымша өтінімдерге келісім алысымен, тез арада дәрілік заттарға тапсырыстар порталға енгізіліп, көп ұзамай дәрілер жеткізіліп, науқастар уақытында қамтамасыз етіледі.
Айта кету керек, ауруды емдеу және диагностиканың клиникалық хаттамаларына сәйкес, науқас медициналық қызметті жедел жәрдемнен, тәулікті және күндізгі стационардан алған жағдайда да дәрі-дәрмек тегін беріледі.