МӘМС жүйесін енгізу қаржыландыруды 80 пайыз арттыруға мүмкіндік берді

721

Фото: МӘМСМӘМС жүйесі арқылы саланы қаржыландыру көлемі артты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова мәлім етті.


«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырылуда. Медициналық көмектің қаржыландыру көлемі мен қолжетімділігін арттыру үшін жаңа инновациялық технологиялардың игерілуін елімізде МӘМС-тің енгізілумен байланыстырды. Шын мәнінде МӘМС жүйесін енгізу қаржыландыруды 80 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қаржыландыру медициналық көмектің бүкіл бағыттары бойынша артты. Оның ішінде профилактикалық қарап, тексерулер екі есе артты», - деді ДСМ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.


Айтуынша, бұрын тек санаулы санаттарға бюджет есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер МӘМС-жүйесінедгі азаматтарға да қолжетімді болғанын апат өтті.

«Консультативтік, диагностикалық және медициналық оңалту қызметтері 10 есе, стационарлық көмек 54 пайыз, жоғары технологиялық медициналық қызметтер 3 есе артты. МӘМС жүйесін енгізгеннен бері амбулаториялық қызметтер мен жоспарлы операцияларды күту уақыты едәуір қысқарды. Қымбат тұратын зерттеулер, КТ, МРТ, ПЭТ медициналық көрсетілімдері еліміздің барша азаматтарына қолжетімді болды. 2020 жылға дейін бұл тек әлеуметтік тұрғыда осал болып саналатын 8 санатқа ғана тиесілі болатын», - деді ол.