Дәрігер ұшақта талып қалған баланы құтқарып қалды

2 543

Фото: ©24.kzОқиға 11 ақпан күні Алматы-Орал бағытындағы ұшақ бортында болған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауырып, тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Баланың диспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды. Оқиға кезінде ұшақ бортында облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері болған. Ол дереу баланың жағдайын бағалап, оған қажет медициналық көмек көрсетті. Кейін балаға тиісті дәрі-дәрмек берілді. 


Баланың жағдайы тұрақталып, Орал әуежайына жеткен бойда жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Науқасты құтқарып қалған дәрігер туралы ешқандай ақпарат жоқ. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігер аты-жөнін атағысы келмеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.