Елде тағамнан улану екі есеге артты

1 543

Фото:diana.grytsku / freepik.comЖыл басынан бері 400-ден астам адам астан уланды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

2025 жылы елімізде тағамнан жаппай уланудың 28 дерегі тіркеліп, 413 адам зардап шеккен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, уланудың басты себебі — өнімді сақтау, дайындау және сату кезінде санитарлық талаптардың дұрыс сақталмауы. Кей жағдайларда медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлердің бактерия тасымалдаушы екені анықталған. Айта кетейік, биыл жеміс-жидек пен қауын-қарбыздан улану деректері тіркелмеген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.