Өткен тәулікте 2021 адамнан коронавирус анықталды

705
1 тамызда COVID-19 инфекциясы ПТР-тест арқылы расталған қазақстандықтардың саны 2021 адамды құрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш алдыңғы күндермен салыстырғанда төменірек. Өткен аптада тәуліктік көрсеткіш 3 мыңнан асып жығылған болатын. Инфекция жұқтырғандардың дені елорда мен Алматыда:
  • Нұр-Сұлтан – 958;
  • Алматы – 345;
  • Шымкент – 18;
  • Ақмола облысы – 65;
  • Ақтөбе облысы – 63;
  • Алматы облысы – 62;
  • Жетісу облысы – 75;
  • Атырау облысы – 13;
  • ШҚО – 20;
  • Абай облысы – 25;
  • Жамбыл облысы – 41;
  • БҚО – 32;
  • Қарағанды облысы – 150;
  • Ұлытау облысы – 20;
  • Қостанай облысы – 20;
  • Қызылорда облысы – 38;
  • Маңғыстау облысы – 15;
  • Павлодар облысы – 41;
  • СҚО – 14;
  • Түркістан облысы – 6.
Осылайша, елімізде пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 354 615 адамды құрады.