Мүгедектігі бар адамдардың арбаларды пайдалану қағидалары өзгермек

1 707
Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалардың пайдаланудың мерзімі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенат депуататтарының сауалына берген жауабында айтты.


Әлихан Смайыловтың айтуынша, Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту аясында техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнайы жүріп-тұру құралдарының паркін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылған.

Жұмыс тобының өкілдері мүгедектігі бар адамдардың ұсыныстарын ескере отырып, кресло-арбалардың сипаттамаларын жақсарту және кресло-арбаларды пайдалану мерзімдерін қайта қарау бөлігінде техникалық оңалту құралдарының жіктеуішін өзектендіру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Жұмыс қорытындысы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қолданыстағы құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады, - деді Әлихан Смайылов.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда елімізде 711,8 мың мүгедектігі бар адам тұрып жатыр. Оның 24,3 мыңы медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдеріне қарай оңалту мен өмірге бейімдеудің жеке бағдарламасы бойынша кресло-арба пайдаланады.

Техникалық көмекші құралдардың қозғалу және қызмет көрсетудің арнайы құралдарының жіктемесі бойынша, мүгедектігі бар адамдарға кресло-арбаның 7 түрі ұсынылады (қолмен жетектелетін бөлме ішіне/серуенге арналған арба, тұтқамен жетектейтін серуан арбасы, әмбебап белсенді типті арба, электрмен жетектейтін арба, көпфункционалды арба және роликті арба), - деді Премьер-Министр.