ДДСҰ басшысы коронавирустың жаңа штамы өршіп келе жатқанын айтты

1 686

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирустың EG.5 D-19 штамы өршіп келе жатқанын ескертті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Еuronews-ке сілтеме жасап.


Кеше Женевада сөз сөйлеген ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейсус солтүстік жарты шарда қыс мезгілі алдында «алаңдайтын үрдістер» байқалып отырғанын айтты.


Оның айтуынша, Таяу Шығыс пен Азияда өлім-жітім артып келеді, ал Еуропада коронавирустың осы нұсқасын жұқтырып, қарқынды терапия бөліміне түскен науқастар саны өсіп, бірқатар аймақта ауруханаға түскендер саны көбейген.


Ұйымның COVID-19 вирусымен күрес жүргізу жөніндегі техникалық жетекшісі Мария Ван Керкхове «бұл нұсқа айналымдағы басқа штамдарды ығыстырмайтынын» және бұл жағдай ұйымды қатты алаңдатып отырғанын айтты.


Гебрейесус «COVID-19 вакцинасының дозасын алмаған адамдар арасындағы иммундау деңгейінің төмендігі – үлкен проблемалардың бірі» екенін атап өтті.

«Егер сізге вакцинаның қосымша дозасын алу ұсынылса, тартынбаңыз», - деп қосып өтті ДДСҰ басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.