ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ӨКПЕЛІ

2 058
Бүгінде әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп отырған тақырыптардың бірі денсаулық сақтау саласындағы ақ халаттылардың науқас денсаулығы үшін немқұрайлы қарауы болып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат  агенттігі.

Денсаулық саласында індеттің ушыққан сәтінде, яғни  2020 жылдары стационарлық дәрігерлердің ерен еңбегін елемесек азаматтығымызға сын болар. Науқастың жан саулығы үшін күрескен жандардың шынайылығын аңғардық. Араға 2 жыл уақыт салғанда өңірлік ақ халаттылардың  іс-әрекеттеріне наразы болған халықтың легі күн санап көбеймесе, азаяр емес. Олай  деуге 5 себеп, 

Біріншіден, жұмыссыз қара халықты медициналық әлеуметтік төлемдері жүргізілмеген болса, сіз ауруханаға жатпақ түгілі, емхананың есігінен сығалап кіре алмайсыз.
Екіншіден, төленген медициналық төлемдеріңіз бір жыл ішінде ауруханаға көрінбесеңіз келесі жылға жарамсыз. Ол дегеніміз әр ай сайын салынып отыруы қажет дүние.
Үшіншіден, емханалардан берілетін квотаны ауруханамен алдын-ала келісіп алмасаңыз кері қайтарып жіберуі әбден мүмкін.
Төртіншіден, сіз төлеген міндетті медициналық сақтандыруыңызбен ауруханаға жатқан жағдайда   ең негізгі, керекті деген дәрі-дәрмекті өзіңіз сатып аласыз.
Бесіншіден, бағыңызға орай білікті дәрігерге жолығып, ауруыңызды дөп басып бермесе, бір ауруыңызға тағы ауру жалғап алмауыңызға кім кепіл?
Неге деймісіз, қазіргі қалалық емханаларда орын алып отырған бір емес бірнеше осы секілді басқа да бассыздықтарға кезігіп жүрміз. Мысалға, Қызылордалық көпбалалы ана: “Баламның дертіне дәрігерлер кінәлі”

Ал, ендігі наразылық білдіруші жанның бірі Тасбөгет кентінің тұрғыны №4 емхананың қаралушысы Бисембаева Айжарқын екі жыл бұрын қарт анамыздың инсульт алып, миына қан құйылып, көз жанарының көруі нашар болса да емхана басшылығының орынбасары Лаура Есенгелдіқызының, айтуынша

«Бұл кісінің жағдайы жақсы. Мүгедектікке жатпайды. Алдымен ауруханаға жатқызылуы тиіс. Дәрігерлер бақылауының қорытындысы осындай»,-   деді.  Анамыздың сырқаты бір емес бірнеше екендігін көзі бар, көкірегі ояу адам аңғарар деп шырылдаған ұл-қыздарының жан айқайын естір дәрігер жоқ.  Осы орайда:

«Мен, Бисембаева Айжарқын 58 жылы туылғанмын. Екі көзден қалдым бұламытып, бірдеңелер қараулайды. Анық көрмеймін. Оның үстінде үй ішінде сүймелдеусіз жүре алмаймын. Келінім өзі жетелейді. Шындығын айтсам, үлкен кіші дәретімді жіберіп қойсам келінімнен ұяламын, жиіркенеме деп»,- деді көзіне жас алған кейуана.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі дәрігерлердің білімін сөз етсе енді бірі, ақша бермесең қарамайды да деп жазуда.

«Инфекциалық аурухананың дәрігерлеріне шағымым бар. Ауруханаға балам 13 ақпан күні іші өтіп түскен болатын. Алайда 5 күннен соң іші тыйылмаған баланы ауруханадан сауықты деп шығарып жіберді. Сол күні кешкісін балам қатты мазасызданып, іші өтіп реанимациялық бөлімге түстік. Ал, балама «сепсис» деген диагноз койып отыр. Бұның бәріне дәрігер Айдарбекова кінәлі. Егер дер кезінде тиесілі ем-дом көрсетілсе  қанға шаппас еді. Мен сотқа жүгінемін»,- деп налыды Раманқұлова Жадыра.

 Расымен, қазіргі күні халық арасында «күніңді дәрігерге қаратпасын» деген әзіл-шыны аралас мақалда кеңінен тарап отыр. 

«Мен жедел жәрдеммен үш мәрте аурухана жеткізілсем де біздің дәрігерлеріміз түн уақытында кезекші аурухана бола тұра узи маманын шақыртпаймыз деп қызық қылған болатын. Расымен де облыстық ауруханаға екі мәрте жедел жәрдеммен түссем де кезекші дәрігер бәрі жақсы деп уақытша тыныштандыратын дәрі егіп шығарып салған. Одан қалды біздің кезекшілігіміз осымен аяқталды деп,  қалалық ауруханаға жедел жәрдемге салып жіберген болатын. Ол жақта жетісіп тұрғаны шамалы узи маманын шақыртудың орнына бүктеліп түссемде ақылы узиге жолдап жіберді. Міне біздің сенген дәрігерлеріміздің бет-бейнесі осындай»,- деді Айгерім Меңдібаева.

Енді расында қай әлеуметтік желіге кірсең де ақ халаттыларға наразы халықты аңғарамыз. Ал халықпен санасып жатқан басшылық бар ма өзі?

Ал, Денсаулық сақтау саласындағы қалалық ауруханалар мен емханалардың жұмысынан, шағым түсірушілерден хабарыңыз бар ма? деген сауалға Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасарының айтуынша,


«Бүгінгі күні мен біздің әкімшіліктен хабар күтіп отыр едім. Сол жақ хабарласқан екен деп жауап берген болатынмын. Айып болмаса, сәлден соң хабарлассақ»,- деген  болатын Усенов Жалгасбек Турлыбекович.

Міне, қызық әкімдіктің мәселесі бәрінен биік тұрғанына таңданып, осылайша сұрағымыз жауапсыз қалған жайы бар. Балық басынан шіридінің кейпін киіп отырғандаймыз… 

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ