Ана мен бала өлімі жоғары өңірлер белгілі болды

1 557

Фото: Денсаулық сақтау министріАжар Ғиният ана мен бала өлімі жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


2023 жылдың соңына дейін дамуында ауытқуы бар балаларға арналған 13 ерте араласу орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.


«1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81 пайызға дейін артты. Биыл жылына 5 мыңға жуық баланы қамтитын 8 балаларды оңалту орталығы, сондай-ақ, 3 жасқа дейінгі дамуында ауытқушылықтары бар, әсіресе шала туған балаларға арналған 2 ерте араласу орталығы Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ашылды. 2023 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам баланы қамтитын 13 орталық ашу жоспарланған», - деді министр.


Оның дерегінше, дәрілік заттардың тізбесіне балалардың орфандық және ауыр ауруларын емдеуге арналған 17 препарат сатып алынып жатыр.