Саңырауқұлақ инфекциясын жұқтырғандардың 60 пайызы – балалар

2 507

Фото: Opennews.kz ЖИЖамбыл облысында жыл сайын дерматомикоздың шамамен 300 жағдайы тіркеледі. Бұл ауру бойынша эпидемиологиялық ахуал үш ауданда және Тараз қаласында мәз емес, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Дерматомикоз – тері мен шашты зақымдайтын жұқпалы саңырауқұлақ ауруларының тобы. Оған трихофития мен микроспория жатады. Мамандар микроспорияны балалар арасында жиі кездесетін тері саңырауқұлақ инфекцияларының бірі деп атайды.

Инфекцияны науқас адамнан да, жануардан да жұқтыруға болады. Бұл ретте тікелей байланыс міндетті емес. Ауру ортақ тарақ, төсек-орын жабдықтары, жөке және басқа да тұрмыстық заттар арқылы таралуы мүмкін.

Микроспория кезінде теріде қабыршақтанатын, аздап қышитын қызғылт-қызыл түсті сақина тәрізді дақтар пайда болуы ықтимал. Егер бас терісі зақымданса, шаш сынғыш келеді.

Сала мамандары бөтен адамның тарағын пайдаланбауға, ал үйдегі мысықтар мен иттерді ветеринарға көрсетіп, тексеруден өткізуге кеңес береді. Монша мен саунаға барған кезде жабық резеңке шәрке киген жөн.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.