Қызылорда облысында 43 253 адам ревакциналаудан өтті
242
Қызылорда облысында 43 253 адам ревакциналаудан өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Қазір өңірде ревакцинация қарқын ала бастады. Қазірге дейін вакцинаның үшінші дозасымен 43 253 адам егілді.
Ревакцинация үшін облыста екпе қоры жеткілікті. Бүгінгі күні «QazVac», «SinoVac», «Pfizer» препараттары қолданылуда.
Облысқа ревакцинация үшін ресейлік бір компонентті «Спутник Лайт» препараты жеткізілгенін бұған дейін жазған едік.
Қызылорда облысында ревакцинация 106 екпе кабинетінде жүргізіледі.
«Енді қызылордалықтар «Спутник Лайт» прператымен ревакцинация жасата алады. Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында облысқа ресейлік бір компонентті препараттың 8 мың дозасы жеткізілді. Ревакцинация барлық тұрғынға қолжетімді», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, бустерлік доза жөнінен медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.