Эстониялық ғалымдар буаз сиырдың сүтінен коронавирусқа қарсы спрей жасап шығарды

294

Фото: pixabay.comЭстонияда мамандар буаз сиырдың сүтінен мұрынға арналған спрей жасап шығарды. Айтуынша, спрейде коронавирусқа қарсы антидене бар.

Ғалымдар спрей - сиырдың уыз сүтінен алынған коронавирусқа қарсы антиденесі бар табиғи өнім екенін айтады.

 Препарат сатылымға түсетін Benu дәріханалар желісінің баспасөз қызметінің дерегінше, буаз сиырларға коронавирустың ақуызы енгізіліп, нәтижесінде олардың организмі антидене өндіре бастаған.

 Дәріханалар желісінің мәліметінше, мұрынға арналған спрей дәрілік зат емес. 
Сондай-ақ, ол вакцинация мен маска тағудың орнын алмастыра алмайды. Тек коронавирустың таралуының алдын алуға арналған қосымша ретінде ғана қолданылады. Сонымен бірге, сүт ақуызына аллергиясы барларға өнімді пайдалануға болмайды. 
Бұл өнімді Тарту университеті, Эстония жаратылыстану ғылымдар университеті және ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты бірлесіп құрастырған. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.