Қызылорда облысында 43 253 адам ревакциналаудан өтті

250

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында 43 253 адам ревакциналаудан өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазір өңірде ревакцинация қарқын ала бастады. Қазірге дейін вакцинаның үшінші дозасымен 43 253 адам егілді.

Ревакцинация үшін облыста екпе қоры жеткілікті. Бүгінгі күні «QazVac», «SinoVac», «Pfizer» препараттары қолданылуда.

Облысқа ревакцинация үшін ресейлік бір компонентті «Спутник Лайт» препараты жеткізілгенін бұған дейін жазған едік.

Қызылорда облысында ревакцинация 106 екпе кабинетінде жүргізіледі.

«Енді қызылордалықтар «Спутник Лайт» прператымен ревакцинация жасата алады. Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында облысқа ресейлік бір компонентті препараттың 8 мың дозасы жеткізілді. Ревакцинация барлық тұрғынға қолжетімді», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінше, бустерлік доза жөнінен медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен күштік құрылымдар қызметкерлері көш бастап тұр. Облыс көлемінде иммундаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.