Алматыда тұрғын үйде мефедрон өндіретін есірткі зертханасы жойылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы қаласында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін шағын есірткі зертханасын жойды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Есірткіні ұйымдастыру және өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында ел аумағында есірткі өндірісін жолға қоюға бағытталған кез келген әрекетті қатаң түрде тоқтататынын ескертеді.
Қаз
Рус






