Алматыда тұрғын үйде мефедрон өндіретін есірткі зертханасы жойылды

1 500

Фото: Polisia.kzАлматы қаласында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін шағын есірткі зертханасын жойды,-  деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел уәкілдердің назарына көпқабатты тұрғын үй кешенінде "мефедрон" синтетикалық есірткісін дайындау арқылы есірткі бизнесін жолға қойған қаланың 34 жастағы тұрғыны ілікті. Шағын зертхананың ерекшелігі - қаскүнем жағымсыз иіс, газдармен көршілердің назарын аудармау үшін өндірісті ғимараттың ең жоғарғы қабатында әрі сорғышты үйдің желдеткіш шахтасына қосу арқылы арнайы ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде бір килограмм дайын өнім, кристалдары бар алты шыны науа, дихлорметан құйылған алты бөтелке, реактивтері бар тоғыз канистр, зертханалық ыдыстар, электронды таразылар және жеке қорғанысқа арналған киім табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 кг құрады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Есірткіні ұйымдастыру және өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында ел аумағында есірткі өндірісін жолға қоюға бағытталған кез келген әрекетті қатаң түрде тоқтататынын ескертеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.