"Қытайдан бөлек Оңтүстік Кореяда да тарап жатыр": Қазақстандық дәрігер стелло-омикрон штаммының қаупі жайлы ескертеді

317

Елімізде ковид жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым төмендеген. Десе де бірте-бірте бұл вирус жойылып кетеді дегенге дәрігерлер күдікпен қарайды. Сақтық шараларын ұдайы жүргізіп, сақадай-сай болсақ қана жаңа штамдарға төтеп береміз деп отыр. Мамандар, дәл қазіргі уақытта вирус бәсеңдеп қалды деп, екпе салдыруды кейінге ысырып қойған еліміздегі 1 миллионнан астам адамға ескерту жасайды. Өйткені, көрші Қытайдағы өршіп жатқан стелло-омикрон штаммы кез-келген уақытта бізде де анықталуы мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап


Пульмонолог дәрігер Абзал Малбасқанов

Соңғы уақытта ковидтің омикрон штаммын әсіресе егде жастағы екпе алмағандар жұқтырған екен.
Ал пульмонолог дәрігер Абзал Малбасқанов, вирус ешқайда кеткен жоқ, көрші Қытайдың өзінде стелс-омикрон штаммының өршіп, карантинге жабылғаны бізге де сабақ болуы тиіс деген пікірде. Адамның иммунитеті әр 28 күнде жаңарған сайын антидененің мөлшері де төмендей береді. Сондықтан, вирус бәсеңдеп қалды деп, ревакциянациядан өтпей қою қателік екенін ескертеді.


Бұл енді ағзаға кірген кезде қалай тез жұғатынын көрдік. Бұл туберкулез  немесе басқа да ауру емес. Тіпті, адам жұқтырғанын да байқамай қалады, бір адамның 10 адамға жұқтыру қаупі бар. Қытай бүге-шүгесіне дейін тесіктің бәрін жапқан жоқ, жалғыз Қытайдан бөлек бұл Оңтүстік Кореяда да болып жатыр. Ол жақ та жабылып жатқан жоқ”, – дейді птизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов.

Оңтүстік Корей елінің шекараны ашқанына 20 күн болды. Қазақстандықтар бұл мемлекетке визасыз бір айға барып келуге толық құқылы. Бүгінгі күннің өзінде Кореяда 118 мың адамнан вирус анықталса, Қытайда 30 мыңнан астам науқас ковидтен емделіп жатыр. Көрші елдердегідей қызыл аймаққа түсіп қалмаудың жалғыз жолы бар, ол ұжымдық иммунитетті толық қалыптастыру дейді мамандар. Айта кетейік, елімізде екпе алуға жарамды деген 11 миллион 400 мың адамның бүгінде 10 миллион 92 мыңы вакцина салдырған. Жаңа штаммдарға төтеп беру үшін қалған 1 миллион 300 мыңнан астам адамның екпе салдырып, қалғандарының жаппай ревацинациядан өтуі маңызды.

Жылдың аяғына дейін бізде 6 жарым миллион адам ревакцинацияға келеді деген ойымызда бар. Оның 3 миллион 630 мыңы ревакцинациядан өтіп қойды. Қазір Қазақстанда ковидтен 1 мың 700-ден астам адам емделуде. Оның 124-і ауруханада болса, қалғаны үй жағдайында ем қабылдап жатыр”, – дейді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана.