Уролог еркектердің денсаулығына қатысты сұмдық жайттарды айтты
Қазақстандық уролог Асхан Абзалбеков жастар арасында репродуктивті денсаулыққа қатысты мәселелердің жиілеп бара жатқанын айтты. Дәрігердің сөзінше, оның қабылдауына жыныстық және репродуктивті денсаулығына шағымданатын жас азаматтар да келеді. Бұл туралы маман журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Асхан Абзалбеков қазіргі жастардың өмір салтына, әсіресе энергетикалық және газдалған сусындарды шамадан тыс тұтынуына назар аударды.
Дәрігердің пікірінше, ағзаны үнемі сыртқы стимуляторлардың көмегімен сергіту оның табиғи жұмыс ырғағына кері әсер етуі мүмкін. Оның айтуынша, қазіргі жастар сырттай ерте жетілгендей көрінгенімен, ағзаның ішкі жағдайы әрдайым соған сәйкес келе бермейді.
Маман мұндай жағдайдың кейін отбасылық өмірге де әсер ететінін айтады. Оның тәжірибесінде бала сүйе алмай жүрген немесе жыныстық денсаулығына қатысты проблемасы бар жас отбасылар кездескен.
Урологтың есінде ерекше қалған жағдайлардың бірі – небәрі 21 жастағы жігіт.
Асхан Абзалбековтің айтуынша, жас жігіт 20 жасында отбасын құрған. Арада бір жыл өткенде ерлі-зайыптылар арасында жанжал көбейіп, мәселенің себебін анықтау үшін ата-аналарымен бірге дәрігерге жүгінген.
Урологтың сөзінше, тексеру барысында 21 жастағы азаматтың жыныстық функциясына қатысты күрделі мәселе анықталған.
Дәрігер жастарды денсаулыққа ерте жастан мән беруге, ұйқы, тамақтану, қозғалыс пен зиянды әдеттерге немқұрайды қарамауға шақырды.
Қаз
Рус






