ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

2 663

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіЖезқазғанда «QH» нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларға арналған мемлекеттік оңалту орталығының ашылуы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаңа орталық 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған және жылына 600-ге дейін бала қабылдай алады. Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілді, кішкентай пациенттердің келуі үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Көрсетілетін көмектің жоғары деңгейін қолдау мақсатында орталықта мультидициплинарлық топ құрылды, оның құрамына неврологтар, реабилитологтар, логопедтер, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) нұсқаушылары, дефектологтар, еңбек терапевттері, психологтар кіреді.

«Қамқорлық» қорының орталықтары «Қазақстан халқына» ҚҚ жобасының бас әріптесі қаражатына сатып алынған сараптамалық сыныптағы заманауи медициналық оңалту жабдықтарымен жарақтандырылған.

Балалар жеңілдетілген санат ретінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен қалпына келтіру емі толығымен тегін ала алатынын айта кеткен жөн.