Қайтыс болған науқас бірнеше адамның өмірін құтқарды

1 783

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіЖамбыл облысында көз жұмған науқастың ағзалары өзге адамдардың өмірін құтқарды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген азаматтың мүшелері трансплантация арқылы бірнеше науқасқа салынды. 49 жастағы ер адам ми қан айналымы бұзылып, миына қан құйылып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқастың өмірін аман алып қалуға бар күшін салғанымен, науқастың ағзасы емді қабылдамады. Үшінші күні науқастың миы өлді.

“Барлық қажет құқықтық рәсімдеуден және отбасынан келісім алғаннан кейін басқа адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беру туралы маңызды және дұрыс шешім қабылданды. Науқастың өмірлік маңызы бар ағзалары, атап айтқанда жүрек, бауыр және бүйрегі алынды”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.

Жүрек шұғыл түрде Шымкенттегі трансплантацияға мұқтаж жас науқасқа жіберілді. Бауыр мен бүйректі донорға зәру науқастарға трансплантаттау үшін Астанаға жеткізілді.