Қызылорданы кене басу қауіпі басым ба?
326
Қызылорда «Арай» мөлтек ауданын кене басуда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кешелі бері толассыз келіп жатырған хаттардың бірі «Арай» мөлтек ауданының тұрғындары көпқабатты тұрғын үйімізді кене басуда деп дабыл қағып отыр.
Тұрғындардың айтуынша, кенемен көктем басталғалы алысып келеміз дейді. Қазіргі күні тіпті көбейіп кетті, балаларымыздың денсаулығы үшін қорқамыз дейді.
Ал, жергілікті әкімдік пәтер иелеріне жәндікпен күресуде ақылы қызмет түріне жүгінуге шақырып отыр:
«Тұрғын үйге (жәндіктерден, кене, таракан) дезинфекциялау жұмыстары жеке кәсіпкерлермен немесе Ұлттық сараптама орталығы тарапынан үй иесімен келісім шартқа отыру негізінде ақылы түрде жүргізіледі. Қалалық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының тапсырысы тек ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстарын жүргізуге ғана есептелген.»

«Арай2 мөлтек ауданында кенеден көз ашып жүру мүмкін емес. Үстіміз жыбыр етсе болды дерекһу тексереміз. Бүгін кене жоқ дегеннің өзінде 7-8 кенені әжетханаға тастап ағызып жібереміз. Енді әкімдік хабардар бола тұра, тиісті мамандарды неге жібермейді?»,- дейді Ақтолқын.