Мамандар дабыл қақты

347
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясынан кейін туберкулез өршіп кетуі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұған қатысты отандық маман, фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары, профессор Ләззат Ералиева пікірән айтты.
Мамандардың пікірінше, бүгінде туберкулез ауруы жан-жақты зерттелген. Оған қарсы вакцина да бар. Одан сақтанудың да нақты ережесі жазылған. Негізгі талап – туберкулезді дер кезінде анықтау. Сонда ғана инфекциялық ауру таралмайды екен. Дегенмен, коронавирус пандемиясы кезінде дәл осы талап бұзылған. 
Яғни рентгенографиядан жыл сайын өтетін адамдар тексерістен тыс қалған. 
"Негізі, туберкулез ешқайда кеткен жоқ. Бірақ өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы кезінде қатаң шектеу шаралары енгізілді. Адамдар медициналық мекемелерге бармады, жыл сайынғы тексерістен өте алмады. Коронавирусқа байланысты компьютерлік томографияға сұраныс күрт өсті. Ал рентгенографиядан жыл сайын өтетін адамдар бар ғой. Олар тексерістен тыс қалды. Иә, қазіргі уақытта туберкулез ауруына шалдығу және одан қайтыс болу көрсеткішінің төмендеуі тіркеліп отыр. Алайда ары қарай не болады? Ол жағы белгісіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы мәселеге қатысты дабыл қағып отыр", - дейді Ләззат Ералиева.
            Мамандардың айтуынша, туберкулез бастапқы сатысында қауіпті емес. Оны флюрография арқылы анықтауға болады. Ал ауру ашық формаға ұласып кетсе, оны жұқтыру қаупі жоғарылайды.