Коронавирус жұқтырғандарға қатысты ресми мәлімет шықты
Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 24 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, елімізде 729 адамның жағдайы ауыр.
24 мамырдағы мәлімет бойынша, 33 002 адам коронавирус инфекциясынан (32 479 КВИ+ және 523 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 030 науқас стационарда, 19 972 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 729 адамның жағдайы ауыр;
- 178 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 832 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 375 014 жетті.
Оған қоса, денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалауға арналған матрицаны жариялаған еді. Бір күнде КВИ бойынша 2 өңір "сары" аймаққа, тағы 2 облыс "жасыл" аймаққа өтті.