Елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді

2 575

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты (жауын, көктайғақ) травматологиялық пункт қызметі күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарын мүмкіндігінше мұқият болуға, жазатайым жағдайға тап болмас үшін ыңғайлы, жалпақ аяқ киім киюді кеңес береді. Жарақат алған жағдайда бірден медициналық көмек көрсету пунктеріне жүгіну қажет.


Сонымен қатар, әсіресе балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарға шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда, үйден шықпауы қажет. Травматологиялық пункт дәрігерлері аурухананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Айта кетейік, бүгінде №4, 5, 6, 7, 9 10 қалалық емханаларында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін шұғыл 4-санаттағы балаларға арналған медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері жұмыс істейді.


9 қараша күні №2 көпбейінде қалалық балалар ауруханасы жанындағы негізгі травматологиялық пунктке түсетін жүктемені азайту мақсатында және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қосымша травматологиялық пункт ашылған болатын. Ол №2 қалалық емхана базасында Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының балаларына медициналық көмек көрсетеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.