«БІР КҮНДІК КЛИНИКА» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

2 524

Облыстық денсаулық сақтау басқармасыБүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы және медицина ұйымдары басшыларының қатысуымен облыстық перинаталдық орталығы базасында ұрықты пренаталдық диагностикалық сапасын жақсарту, балалар арасында аурушаңдық пен мүгедектікті уақытылы диагностикалау және алдын алу, ұрықтың туа біткен даму кемістігінен нәресте өлімін азайту мақсатында пренаталдық скрининг жүргізуді жетілдіру үшін сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу, биохимиялық скрининг және генетикалық кеңес беруді қамтитын «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыс әкімдігінің және басқарманың нәтижелі ынтымақтастығы арқасында жүзеге асырылады.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасыОрталықта жүкті әйелдерге ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жасалып, генетиктер мен акушер-гинекологтар кеңес береді.  Ұрықтың инвазивті пренатальды диагностикасы жүргізіліп, даму патологиясы анықталған кезде, пренатальды консилиумда босану тактикасы анықталады. Сондай-ақ, орталықта ұрықтың анықталған ақауларын растау үшін УДЗ диагностикасының екінші деңгейі бар.

Ұрықты қорғау орталығы ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жүргізу үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Орталықтың  негізгі бағыты - туа біткен патологиялармен күресу, ұрықтың қалыптасуына әсер ететін жағымсыз факторларды жою, туа біткен даму кемістіктер мен хромосомдық ауытқулар анықталған жағдайда  жүктілікті ұзарту мәселесі,  ұзартқан  жағдайда жаңа туған нәрестеге уақытылы қажетті медициналық  көмек  көрсету. Генетика бөлімінде  хромосомалық ауытқуларға пренатальды биохимиялық скрининг және тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларға неонатальды скрининг жүргізіледі. 

Анықталған туа біткен патологиялармен жүктілікті одан әрі жүргізу немесе тоқтату тактикасы туралы мәселелерді шешу үшін ұрық патологиясының сипатына байланысты бейінді мамандарды тарта отырып, көпсалалы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия отырысында отбасына анықталған аурудың барлық салдары, жүктілікті ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде баланың өміріне болжам жасалып және мүгедектік дәрежесі түсіндіріледі.

Бір күндік клиника жүкті әйелдерге бір күн ішінде барлық тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Мұнда «осында және қазір» принципі маңызды рөл атқарады. Жүкті әйелдерге мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында ең заманауи медициналық диагностика мен емдеу әдістерін ұсына алатынымызға сенімдіміз.