Маусымдық тұмау ма, жаңа індет пе? Министрлік нақты жауап берді

1 570

Фото: ivanovonews.ruҮкіметтің баспасөз брифингінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қазақстандықтар арасында жиі тіркеліп жатқан ЖРВИ жағдайларына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомство мамандарының айтуынша, бұл — жаңа вирус емес, жыл сайын күз-қыс айларында байқалатын маусымдық тұмау түрі ғана.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов аурушаңдықтың артуын табиғи маусымдық кезеңмен байланыстырды.

“Күз – көңіл күй түсіп, тұмаудың басталатын мезгілі. Мұны бізге 30 жыл бұрын да үйреткен. Бұл жай ғана маусымдық вирус. Елде ешқандай жаңа эпидемия жоқ”, – деді ол.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова да қазіргі жағдай эпидемиологиялық маусым шегінде қалыпты деңгейде екенін атап өтті.

“Қазір ЖРВИ мен тұмауға шалдығу деңгейі жыл сайынғы эпидемиялық маусымның аясында. Бұл маусым қыркүйектен сәуірдің соңына дейін созылады. Қазір айналымда жүрген вирустар бұрыннан белгілі. Мысалы, кей БАҚ-та жиі аталып жүрген ‘гонконгтық вирус’ алғаш рет 1960-жылдары анықталған және жыл сайын айналымда болатын қалыпты вирус”, – деді ол.

Маманның айтуынша, тұрғындар үрейленбей, сақтық шараларын ұстанғаны жөн: жеке гигиенаны сақтау, бетперде тағу және тұмауға қарсы екпе алу аурудың таралу қаупін азайтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.