Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтардан 300-ден астам шағым түсті
168
Биылғы жылдың 9 айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына Қызылорда облысының медициналық мекемелерінің қызметіне қатысты 351 шағым түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (157 шағым) шағымдар саны 2,4 есеге өскен. Бұл туралы біздің тілшімізге Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахимов мәлімдеді.
Бөлім басшысының айтуынша, өтініштердің себептері дәрі-дәрмектердің болмауы, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту, емханалар мен ауруханалардағы медициналық көмектің сапасы, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің дәрігерлік этика мен деонтологияны сақтамауы, ауруханаға жатқызудан бас тарту және т.б.
Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, «Qoldau - 24\7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша жүгіну қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.

«Қор жеткізушілерді халыққа қызмет көрсету жұмысын жақсартуға ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өткім келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда», - деді Абылайхан Рахимов.