Балалар арасында жұқпалы тері аурулары көбейген

903
Атырау облысында балалар арасында жұқпалы тері аурулары көбейген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жайнагүл Өтепқалиеваның дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері жұқпалы тері ауруларымен 279 науқас тіркелген.

«Оның ішінде қышыма дерегі – 57, дерматомикоз – 222. Жұқпалы тері аурулары аурулар 14 жасқа дейінгі балалар арасында көбейіп отыр. Тері ауруларын жұқтырушылардың 196 жағдайы немесе 70%-ы балалардан анықталды. Балалардың арасында 39 қышыма, 157 дерматомикоз дерегі тіркелді», -дейді Жайнагүл Өтпеқалиева.


«Жеке гигиена ережелерін сақтап, жиі жуыну немесе әрбір 5-7 күн аралығында монша қабылдау қажет. Әр адамның жеке сүлгісі мен басқа да тұтыну заттары болғаны жөн. Үй жануарларын ұстағаннан кейін қолды мұқият сабындап жуу керек. Қышыма, басқа да тері ауруына қатысты күдік туындаса, дереу тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігерге көрінуге кеңес беремін. Өйткені, тері – адам денесінің ең маңызды жүйесі. Сол себептен, теріге адам денсаулығының бірден-бір кепілі ретінде қарау қажет. Жүрек, бауыр, асқазан сияқты тері де адам үшін өмірлік маңызды функцияларды атқарады», дейді Жайнагүл Өтепқалиева.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында биылғы 8 айда 270 адам туберкулез дертін жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.