Аурухана қаржысына пәтер алған бас дәрігер ұсталды

2 606

Фото: Александр Павский/KazinformҚМА Түркістан облысында Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол медициналық жабдықтарды сатып алуды бірнеше бөлікке бөліп, бағасы жасанды көтерілген келісімшарттар арқылы 115 млн теңгені жымқырды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, схемаға медициналық жабдықтар жеткізушісі ретінде оның танысы тартылған, ал ақша түрлі фирмалар арқылы өткізіліп, қолма-қолға айналдырылған. Күдікті қылмыстық табысқа елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған, мүлікке тыйым салынды.

Бұрынғы бас дәрігерге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылса, оның сыбайласы үй қамақта. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қосымша ақпарат жарияланбайды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.