Түркістан облысында 23 адамның бүйрегі ауыстырылды
Елімізде бүйрек, бауыр алмастыру операциялары бұған дейін тек ірі мегаполистерде ғана жасалса, енді облыс орталықтарында да жүзеге асырыла бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Түркістан облысында клиникалық аурухананың трансплантолог дәрігерлері биыл 15 адамның бүйрегін ауыстырды. Олардың арасында мәйіттік трансплантация да бар. Қазір мұндай операциялар жергілікті тұрғындарға тегін жасалып жатыр. Бәйдібек ауданының тумасы Мейіржан Мәден 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Соңғы төрт айдың көлемінде гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Қанша емделсем де ем қонбады,- дейді 20 жастағы жігіт. Үнемі қан қысымы көтеріліп, басы ауырады. Жүрегі айнып, бойын әлсіздік билейді. Тіпті жұмысқа да жарамай қалдым, дейді.
Дәрігерлер елімізде мәйіттік трансплантация дамымағандықтан, науқастарға туыстары бүйрегін беріп жатқанын айтады. Мұндай күрделі операциялар қазір Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында жасалуда. Соңғы екі жылдан бері мұнда 23 адамның бүйрегі алмастырылды.