Уақыт белдеуінің өзгеруі денсаулыққа қалай әсер етеді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 1 наурыздан бастап бүкіл Қазақстанда уақыттың теңесуі қазақстандықтардың денсаулығына оң әсер етеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, уақыт белдеуінің өзгеруі халықтың денсаулығына оң әсер етеді деп есептейтінін айтады.
"Адамдардың ғасырлар бойы қалыптасқан биологиялық сағаттары бар. Сол биологиялық сағат пен әкімшілік сағаттың екеуін теңестіруге барлық мемлекеттер бара бермейді. Себебі бұл азаматтардың денсаулығына пайдалы әсері болғанымен, экономикалық тұрғыда кейбір жерде нелер (?) келуі мүмкін. Бірақ ең бастысы, мемлекетіміз осы сұрақты шешуде ең басты мақсаты – халықтың денсаулығын жақсарту. Мемлекеттің бұл шешімі өте орынды деп есептеймін.", – дейді ол.