Енді аутизмі бар балалармен роботтар жұмыс жасамақ

1 602

Қазақстанның 4 өңірінде «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен аутизмі және ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған мемлекеттік орталықтар ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қордың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мұнда аутизмі бар балалармен жұмыс істеудің озық әдістері, оның ішінде робот терапиясы қолданылады. Аутист балалардың көбі мұғаліммен көз түйістіруден қашып, нұсқауларды орындай бермейді. Сондықтан роботтар олардың жанына жара салмай, өмірге бейімделуге үйретеді.


Робот терапиясы кабинетінде екі робот – NAO және Mirai бар. NAO ән айтып, би билейді, ертегілер айтып, жануарларды сипаттай алады. Ал Mirai әртүрлі кейіпке еніп, мысалы дәрігер, полицей болып, өмірде болатын түрлі жағдайларға бейімделуге үйретеді.


Орталықтар Шымкент, Павлодар, Талдықорған және Өскемен қалаларында ашылды. Оның әрқайсысында жыл сайын 125 балаға көмек көрсетіледі.


«Samruk-Kazyna Trust» және «Қазақстан халқына» қоры жыл соңына дейін мұндай орталықтарды Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында ашуды жоспарлап отыр.