Ұлыбританияда жаңа штамм, Румыниядағы ауруханалар лық толы

276
Ұлыбритания мен Ирландияда Covid-19 өршіп тұр. Румыниядағы ауруханалар COVID-19 ауыр түріне шалдыққан науқастарға толып тұр- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

Ұлыбританияда Covid-19 өршіп кетті. Соңғы аптада көрсеткіш 16%-ға өскен. Сарапшылар бұл жағдайды коронавирус жаңа штамының таралуымен байланыстырды. AY.4.2 түрі шілде айында анықталды, ал қазір инфекциямен түскен барлық науқастың 6%-ы осы штамға тиесілі. Бір тәулік ішінде 223 науқас қайтыс болды, бұл наурыз айынан бері тіркелген жоғарғы көрсеткіш.

Сонымен бірге, Ұлыбритания билігі жаңа санитарлық шектеу енгізуді әлі жоспарлап отырған жоқ.

Румыния ауруханаларында COVID-19 ауыр түріне шалдыққан науқастарға орын жетіспей жатыр. Билік мобильді госпитальдер ұйымдастырып жатыр, бірақ олар да науқастарды қабылдап үлгермей жатыр.

Кейбір науқастар бірнеше күн бойы жедел жәрдем көлігінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Кейбіреулері ауруханаға кірместен қайтыс болуда. Оның себебі - вакцинацияның төмендігі. Румыния Еуроодақтағы вакцина алу қарқыны ең төмен мемлекет. 19 миллионнан астам халқы бар елде тұрғындардың 35,2%-ы екпенің кем дегенде бір дозасын алған, 29,4%-ы толығымен егілген.