ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ?
226
Бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдаланушылар қатары артқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, биыл өңірде 29 жоғары технологиялық медициналық қызмет түрі көрсетілсе, былтыр аталмыш қызметтің 48 түрі жүргізілген.
"Жоғары технологиялық медициналық қызметті диагностика мен емдеудің бірегей әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ашық жүрекке жасалатын оталар, жүрек, бауыр, бүйрек трансплантациясы, ми ісіктеріне арналған нейрохирургиялық және басқа да күрделі ауруларға емдеу жүргізіледі. Егер адамға инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностикалық емдеу қажет болса, жоспарлы медициналық көмекке жүгіне алады. Басты шарт - МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болуы керек. Жалпы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін арнайы комиссия қабылдайтын болады. Егер оң шешім қабылданған жағдайда аталған қызметке жолдама бере отырып, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркейді. Жолдама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қаралады және науқасты стационарға емдеуге жатқызу күні белгіленеді", - деді Бақыт Исмаханбетов.