МӘМС-тен тыс жүрген 3,2 млн адамның жарна төлеуге мүмкіндігі бар

382
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төраға орынбасары Гүлжан Шайхыбекова МӘМС-тен тыс жүрген адамдардың проблемасын көтерді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Медициналық көмектің жалпыға бірдей қолжетімді болуы, әсіресе өңірлерде өте өзекті. Естеріңізде болса, 2018-19 жылдары өңірлер арасындағы медицинаны қаржыландыру айырмашылығы 50 пайызға дейін жеткен болатын. Қазір медициналық көмектің барлық түрі бойынша сол айырмашылықты екі есе азайттық.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізген 2,5 жылдың ішінде қаржыландыру көлемі 2 есе өсті. Бүгінгі таңда медициналық көмек пакетін ұсынуға 2,3 трлн теңге бюджет алып отырмыз. МӘМС-ті енгізгенге дейін бұл көрсеткіш 1 трлн теңге болатын. Дегенмен, абсолюттік мәнде халықтың медициналық көмекке жұмсайтын шығыны өсіп келе жатыр. Бүгінде ол көрсеткішті 6,2 пайызға азайттық. МӘМС арқылы әр емделушіге жұмсалатын шығынды екі есеге жуық арттырдық. Амбулаториялық деңгейде көмек көрсетілетін аурулардың саны 4 есе өсті, - деді ол денсаулық сақтау басшыларының екінші республикалық форумында.

Сондай-ақ, ол кейінгі 2,5 жылда медициналық көмек көрсететін жеке меншік ұйымдардың саны 2 есе өскенін атады.

МӘМС-пен халықтың 82,1 пайызы қамтылған. Халықаралық сарапшылардың бағалауына қарасақ, бұл - айтарлықтай жоғары деңгей. Бірақ 3,2 млн адамның МӘМС жүйесінен тыс қалуы үлкен сан деуге болады. Мемлекет басшысы біздің денсаулық сақтау жүйесін сол үшін сынап жүр. Дегенмен, 2,5 жылдың ішінде біршама жақсы жұмыс істедік.
Бұл 3,2 млн адам экономикалық тұрғыда белсенді халық болып есептеледі. Яғни, табысы, медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлеуге мүмкіндігі бар адамдар. Бізге медициналық көмектің тартымдылығы, қолжетімділігі бойынша жұмыс істеу керек, - деді Гүлжан Шайхыбекова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.