Қызылордада медицина аппараттары адам өмірінен қымбат па?

4 741

Өңірімізде облыстық көпбейінді ауруханасында мрт аппараты істен шыққан, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Денсаулық сақтау жүйесі – қоғамның әлеу­меттік өмірінің ең маңызды саласы. Елімізде денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін жыл сайын орасан зор қаржы бөлініп, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен бас­қарудың жаңа әдістері енгізіліп жатыр, дәрі­герлерді оқыту мен олардың білік­тілігін арттыру бойынша жаңа кадр сая­саты қалыптасып келеді. Алайда облыстық медицина саласының ақсап жатқан тұс­тары да жоқ емес 


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыр медицинасының елдегі абыройы асқақ. Медициналық ұйымдардың барлығы аккредиттеуден өтіп, сапа стандартына сай екендігі айтылды. Облысымыздағы емдеу ұйымдары талапқа сай қызмет көрсетіп жатқандығы аталып өтті.


Аймағымыздағы медицина   саласында өткен жылы бір емес бірнеше кемшіліктер мен олқылықтар орын алғаны белгілі. Облыс тұрғындары тарапынан медицина саласына қояр талаптары мен кемшіліктері әлеуметтік желіде күнара жарияланып келді. Осы орайда денсаулық сақтау саласында бірқатар кемшіліктер әлі күнге дейін шешілмегендігін  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.  Солардың бірқатары 2022 жылы  облысымызда 2 ана мен бала өлімі тіркелсе,  Angio және МРТ апараттарының істен шыққандығы мен жоқтығы.

 

«Қызылорда қаласында МРТ аппараты істен шықты оның бағасы қымбат және Angio аппаратының бағасы өте қымбат болуына байланысты бізде ол жоқ»,- деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шаймбетов Жангелді Мырзагелдіұлы.

  

  

 Естеріңізге сала кетсек Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймағымыздағы медицина саласының кемшіліктерін түзету үшін Денсаулық сақтау басқармасының  басшысы Сабит Пазыловқа айтқан сөгіс сөзін халық әлі ұмыта қоймағаны хақ.


«Өздеріңіз дұрыс сұрамағансыздар, ұсыныс болмаған, нақты қанша қаражат керек ертең берейік саған!» ,- деді аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев. 



Еміне шипа іздеген халық тағы сырт жағалауға мәжбүр ме? Оның үстіне аймағымызда тәжірибелі дәрігерлердің жоқтығын алға тартқан Денсаулық саласының маманы нені меңзеді? Облыстық   денсаулық сақтау саласы көптеген кемшіліктен көз ашпай келеді. Өте күрделі мәселенің басында дәрігерлер тапшылығы тұрса, қара халық қайда барып ем іздейді?