Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилер мен оқушылар коронавирус жұқтыруда

415
Қызылорда облысында бір жасқа дейінгі сәбилердің коронавирус жұқтыру жағдайы алаңдатып отыр.
Бүгінде облыста коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны азаймай отыр. Соның салдарынан өңір "сары" аймаққа енді . Сәуірдің алғашқы аптасында коронавирусты жұқтырудың 201 жағдай тіркеліп отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш төмендемесе карантин талаптары күшейтілетін болады. 

"Бізді 1 жасқа дейінгі сәбилер мен мектеп жасындағы балалардың ауру жұқтыруы алаңдатуда. Аудандарда да жағдай күрделеніп барады. Бұл - сақтық шарасына салғырттық танытудың салдары. Осылай жалғаса берсе карантин талаптарын күшейтуге мәжбүр боламыз", – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова. 

Мониторинг топтары карантин талабының сақталуын қадағалау мақсатында күн сайын тексеріс жүргізуде. Аталмыш жұмыс аясында мыңнан аса нысан мен үйлер араланып, карантин бұзғандарға әкімшілік шара қолданылып жатыр.