Көрші елдерде эпидемиологиялық ахуал қайта өршуіне қатысты Премьер- министр тапсырма берді

311

Премьер-министр  көрші елдерде эпидемиологиялық ахуалдың қайта өршуіне қатысты шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын бақылауды тапсырды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Жалпы эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дегенмен көрші елдерде жағдайдың қиындағанын көріп отырмыз. Сондықтан өңірлердің, әсіресе шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін, науқастану деңгейіне нақты мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдап отыру қажет. Мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру керек. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін", - деді Мамин үкімет отырысында.

Үкімет басшысы вакцина егу қарқынын ұлғайту қажет екенін айтты. Ол Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне вакциналау мәселесін жеке бақылауға алып, оның қажетті деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.