Коронавирустың қазақстандық түрі пайда болуы мүмкін
304
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы коронавирустың қазақстандық түрі пайда болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығармайды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Айтуынша, елде екпе салдыру ісі кенжелеп қалса, қауіпті індет тағы түрленіп кетуі әбден мүмкін. Өйткені коронавирус өзіне жайлы ортада мутацияға ұшырай береді. Кейін оған тіпті қолданыста бар вакциналардың өзі әсер етпей қалуы ықтимал. Сондықтан комитет басшысы бұқараны тағы да екпе салдыруға шақырып отыр.
Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:
- Коронавирус соңғы екі жылда бірнеше рет мутацияға ұшырады. Адамдар вакцина салдырып, одан қорғанбайтын болса, онда қауіпті індет түрлене береді. Сондықтан қазақстандық штамның пайда болуын жоққа шығармаймыз. Біздің елде екпе салдыру ісі аздап баяулап қалды. Бұған жол беруге болмайды.