50 жастағы әйелден жүктілік анықталды
Шығыс Қазақстан облысында репродуктивті жастағы жоғарғы межеден асқан әйелдердің жүктілігі тіркеліп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасын жүргізуге арналған жас шегін қайта қарау мәселесі талқыланып жатыр. Қазіргі таңда әйелдердің фертильді (балалы болуға қабілетті) жасы ресми түрде 49 жаспен шектеледі. Алайда бұған дейін бұл процедураны 49 жастан асқан әйелдер де қабылдай алатын. 2025 жылдан бастап ЭКҰ жасатуға рұқсат етілетін жасты 45 жаспен шектеу жоспарланып отыр. Себебі бұл жастан кейін әйелдердің денсаулығына байланысты асқыну қаупі айтарлықтай артады.







