50 жастағы әйелден жүктілік анықталды

2 161

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comШығыс Қазақстан облысында репродуктивті жастағы жоғарғы межеден асқан әйелдердің жүктілігі тіркеліп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасын жүргізуге арналған жас шегін қайта қарау мәселесі талқыланып жатыр. Қазіргі таңда әйелдердің фертильді (балалы болуға қабілетті) жасы ресми түрде 49 жаспен шектеледі. Алайда бұған дейін бұл процедураны 49 жастан асқан әйелдер де қабылдай алатын. 2025 жылдан бастап ЭКҰ жасатуға рұқсат етілетін жасты 45 жаспен шектеу жоспарланып отыр. Себебі бұл жастан кейін әйелдердің денсаулығына байланысты асқыну қаупі айтарлықтай артады.

"45 жастан кейін ана мен бала өміріне төнетін қауіп жоғарылайды. Өткен жылы ЭКҰ арқылы 52 жастағы әйел сәби сүйді. Биыл 47 жастағы әйел табиғи жолмен босанды. Қалай болғанда да, біз әйелдерді толық медициналық тексеруден өтуге, созылмалы ауруларын емдеуге және жүктілікті алдын ала жоспарлауға шақырамыз, — деді ШҚО бас репродуктологі Надира Слямханова.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.