Қызылордада медициналық қызмет сапасы бойынша шағым көбейген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Өткен жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кері байланыс арналары арқылы Қызылорда облысының тұрғындарынан медициналық қызмет алу жөнінде 2 669 өтініш түскен. Бұл туралы қор филиалының директоры Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді ,- деп хабаралайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Өтініштің басым бөлігі кеңес беру сипатында болған. Азаматтарды МӘМС жарнасын төлеу тәртібі, медициналық қызметпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жолдама және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеу, медициналық көмек көрсету шарттары, жеңілдік санаты мен тізіміндегі өзгерістер қызықтырған.
МӘМС жүйесі іске қосылғалы кері байланыстың бірнеше арнасы пайда болған. Олар — msqory.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және 1414 байланыс орталығы.
Бүгінде Қызылорда облысында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында 684 мыңнан астам адам, яғни аймақ халқының 83,6%-ы сақтандырылғаны белгілі.
Қаз
Рус






